Жаяу Мұса Байжанұлы. «Әрине күн»

Oinet.kz 27-09-2018 804

Ақ тұйғын көлден қарсы-ай қаз іледі, а-ау,

Жиылып қыз-бозбала бір жүреді, а-ау, әрине күн.


Жігіттер осындайда-ай ойна да күл,

Ұлғайып, үйде отырар кез келеді, а-ау, әрине күн.


Болады көк жетілсе-ай шалғын төсек, а-ау,

Өтірік болар ма екен-ай бұлай десек, а-ау, әрине күн.


Жастықтың әсерінде-ай не болмайды, а-ау,

Айтқаным болмаса менің-ай, сірә, өсек, а-ау, әрине күн.

Жаяу Мұса Байжанұлы. «Ақ сиса» (2-нұсқа)
Жаяу Мұса Байжанұлы. «Көкаршын»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу