Жаяу Мұса Байжанұлы. «Көгершін»
«Көгершін» ән еркесі, баппен айтса,
Ержігіт не болады серттен тайса.
Ән болмас «Көгершіндай» қайда барсаң,
Ән білем деген адам шынын айтса.
Ал, «Көгершін» көңіліме қонған әнім,
Сүйеді сұлу әнді менің жаным.
Айғайлап, жүз құбылтып әнге салсам,
Кетеді бойым балқып, қызып қаным.