Оқушылар арасында тамақтан уланудың алдын алу

Oinet.kz 25-09-2019 1494

images.jpg

Тамақтан улану – бұл асқазан-ішек жолдарына тамақпен немесе сусындармен бірге зиянды бактериялардың түсуінен ішкі органдардың жұмысының бұзылуы. Құрамында агрессиялы химиялық заттары бар немесе бактериялары бар тамақты ішкеннен кейін, токсиндер қан құрамына ақырын сіңіп, улану тудырады.

Улану көбінесе мерзімі өтіп кеткен, өмір сүру деңгейі бактерияға ұшыраған, сондай-ақ химиялық заттармен бүлінген азық-түлікті қолданғанда пайда болады. Бұл жағдай көбінесе балалар арасында саяхатқа шыққанда, жеке бас гигиенасы талаптарын сақтамағанда бактериалды уланудың дамуына әкеліп соғады. Мұның себебі – баланың ағзасы әлі толық жетілмегендіктен, тамақ өнімдерінің құрамында болуы мүмкін улы заттармен тиімді күресуге қабілетсіз болуынан.

Балалардың тамақтануын ұйымдастырушы заңды және жеке тұлғалар балаларды қауіпсіз тағамдармен қамтамасыз етуге міндетті:

- тыйым салынатын тағамдарды қолдануға жол берілмейді;

- тамақтану ережелерін қатаң сақтаған жөн;

- шикі және пісірілген азық-түлікті бір-бірімен араластыруға болмайды; Өйткені, дұрыс пісірілген тамақ шикі тамақпен қосылу арқылы ластануы мүмкін.

- қолды жиі жуу өте маңызды;

- әрбір тамақ бөлшегін, ұсақ ұнтақтары мен кір дақтарды микробтардың орналасқан орны деп қарау қажет;

- ыдыс сүртетін орамалдар күн сайын залалсыздандырылып, ауыстырылуы қажет;

- еден жуатын шүберектерді де жиі жуып отыру керек;

Ал, жанұяңызбен саяхатқа шыққанда тағамды сенімді сақтау үшін оларды тығыз жабылатын банкілерге (контейнерлерге) салған жөн. Таза суды пайдалануға тырысу керек. Таза су ауыз су ретінде де, тамақ әзірлеу үшін де маңызды. Егер судың сапасы күдік тудырса, оны тамаққа қосар алдында немесе пайдаланар алдында қайнатып алыңыз. Қайнатылған суды пайдаланған дұрыс.

Тез бұзылатын тағамдарды дұрыс сақтамаған жағдайда, төмендегі өнімдерден уланудың ықтимал қаупі бар: · сүт өнімдері (негізінен сүзбе және балмұздақ); · жұмыртқа; · балық өнімдері және теңіз өнімдері; · ет; · крем қосылған кондитерлік өнімдер;

· дайын салаттар; · фаст фуд;

· консервіленген өнімдер, әсіресе үйде жасалған, оның ішінде қауіптісі – улы саңырауқұлақтар.

Әрине, бұл балмұздақ немесе тәттілер міндетті түрде улануға әкеледі деп тыйым салуды білдірмейді. Дегенмен, баланы сапалы аспен тамақтандыру, оның фаст-фудқа байланысты қалауларын құптай бермеу және салауатты үй тамағына үйрету маңызды. Сонымен бірге, балаға тамақты дұрыс сақтауды үйрету қажет. Сол кезде ғана бала сатылып жатқан тағамның сапасына мән беріп, өз өмірін түрлі қауіпті уланулардан сақтай алады.

Тамақтан уланудың белгілері:

· Жүрек айну;

· Қатты құсу;

· Асқазанның бұзылуы;

· Диарея (күніне бірнеше ретке дейін);

· Температураның көтерілуі;

· Нәжісте ұйысқан қан, шырыш немесе жасыл түсті қосындылардың пайда болуы.

Тамақтан уланған кезде бірден емдеуге көшу керек, өйткені мұндай жағдайды назардан тыс қалдыру түрлі асқынуларға алып келеді.

Назар аударыңыз! Тамақтан уланған кезде бірден дәрігерге көрініңіз, өйткені кейбір аурулар улану белгілеріне «ұқсас» болуы мүмкін.

Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті

Қызылша ауруынан сақтанайық!
Жанат Әскербекқызы. «Ғажайып мекен»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу