Кадиовертер жүрек жұмысын жақсартады
26-01-2024
Қызылша – вирустар туғызатын жұқпалы ауру. Жасырын кезеңі 7-17 күнге созылады. Алғашқы күндері ауру тұмауға ұқсап өтеді, яғни науқастың дене қызуы көтеріледі, мұрны бітеледі, жөтеледі, көзі қызарып, жасаурайды. Ауру сәт сайын үдей түседі. Ауыз іші қабынып, ісініп, іш өтуі мүмкін. 2 немесе 3 күннен кейін ауыздың шырышты қабығында тұздың жартысындай кішкентай ақ дақтар көріне бастайды. Одан кейін екі немесе үш күн өткен соң құлақта және мойында, сосын бетте және денеде, ең соңында қол мен аяқта бөртпелер пайда болады. Денеге бөртпелер шыққаннан кейін науқастың жағдайы әдетте жақсарады. Бөртпелер 5 күннің ішінде шығып болады. Бөрткендер басылғаннан кейін ғана дене қызуы қалпына келеді, жөтел басылады, бөрткен жерлердің терісі түлейді.
Асқынбаған ауру әдетте 10-14 күнге созылады. Бөртпелер шыққаннан кейін дене қызуы төмендемесе, аурудың асқынғаны. Науқас көбінесе бронхитке, пневмонияға, ортаңғы құлақтың қабынуына шалдығады. Науқастың халі нашарлайды, тәбеті жоғалады, шөлдей береді. Сондықтан науқасқа суды жиі беру керек, аузын жиі-жиі шайып отыру қажет. Бұл жағдайда бөлмені қараңғылап қойған дұрыс. Науқас жатқан бөлмені жиі-жиі желдетіп, таза ұстаған жөн. Дене қызуы қалпына түскен соң науқасты төсектен тұрғызуға, ал бір аптадан кейін қыдыруға, ойнауға болады.
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
Қызылшадан кейін бала организмі қатты әлсірейді, сол себептен тұмау және ішек ауруларына шалдығуы мүмкін. Сондықтан балаға ерекше көңіл бөліп, дәрігердің айтқанын мұқият орындап отырыңыздар.
Аурудың алдын алу.
Қызылшамен ауырған науқасты басқа адамдардан бөлек ұстаған жөн. Қызылшамен ауырып жатқан науқасы бар үйге басқа үйдің адамдары келуіне болмайды. Егер үйде бір адам қызылшамен ауырса, ол үйдің балалары, егер бұрын бұл аурумен ауырмаған жағдайда мектепке, дүкенге немесе басқа да қоғамдық орындарға 10 күнге дейін баруына болмайды.
Жас балалар организмінің қызылша ауруына қарсы тұрып, шетінемеуі үшін олардың жетіліп, ет алуы қажет. 9 айдан 12 айға дейінгі бала қызылшаға қарсы егілуі керек.
Шымкент қаласы
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті