Кадиовертер жүрек жұмысын жақсартады
26-01-2024
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметтеріне сәйкес, созылмалы инфекциялық емес, атап айтқанда жүрек қан тамыры аурулары, инфаркт, инсульт, қатерлі ісіктер, қант диабеті, т.б. аурулардың пайда болып дамуына себепшілер: дұрыс тамақтанбау, тез дайындалатын тағамдарды, фаст-фудттарды, тәтті газдалған, газдалмаған сусындарды қолдану, қант пен тұздың мөлшері жоғары болатын өнімдерді артық тұтыну, көкөністер мен жемістерді жеткіліксіз қолдану, дене белсенділігінің төмен деңгейі, салауатты емес дағдылар және мінез-құлықтар (алкоголь, темекі) болып табылады.
Денсаулық деңгейінің төмендеуіне байланысты, қазіргі таңда қазақстандықтардың денсаулық көрсеткішін әлемдегі 30 дамыған елдердің деңгейіне жеткізу мақсатында 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарламаның негізгі мақсаты – 2020 жылға қарай тұрғындардың өмір сүру ұзақтығын 73 жасқа дейін жеткізу, халықтың денсаулығын тұрақты қорғау және тиімді дамуын қамтамасыз ету.
ДДҰ сарапшыларының және басқа да тәуелсіз, оның ішінде ресейлік мамандардың айтуынша, адам денсаулығы өзінің өмір сүру жағдайы мен салтына, мінез-құлқына 50-55%, экологиялық факторларға 20-25%, генетикалық факторларға 20%, тек 8-10% ғана медициналық көмекке байланысты екен.
Бұл маңызды жаңалықты көптеген дамыған елдер пайдаланды. Мысалы, АҚШ-та салауатты өмір салтын енгізудің тиімділігі барлық үміттерден асып түсті: тек темекі шегуді азайту есебінен миокард инфарктісінен болатын өлім-жітім 35%-ға тез төмендеді. Содан бері АҚШ-та, Жапонияда, кейінірек Норвегияда, Швецияда, Канадада, басқа да көптеген елдерде салауатты өмір салты алдымен сәнді, беделді, содан кейін – мінез-құлық нормасы, ал кейінірек – міндетті (Жапонияда) шарт болды, оны орындамағаны үшін қызметкер қызметтік саты бойынша жылжу мүмкіндігін жоғалтады және тіпті жұмыстан айырылуы мүмкін екен. Көптеген американдық, жапон компанияларының басшылары еңбек өнімділігін арттыру үшін қызметкерлердің жақсы денсаулығының рөлін бағалап, әр түрлі сауықтыру іс-шараларды өткізуге ынталандырады.
Дамыған елдерде адамдар денсаулығының нығаюы өздерінің жеке өмір сүру салтына байланысты екенін түсінді, сондықтан өз денсаулығын сақтау және нығайту үшін салауатты өмір салты әр адамдардың өмір сүру нормасына айналған. Нәтижесі белгілі: денсаулық деңгейі жоғары, орта өмір сүру ұзақтығы айтарлықтай артады, бізден 10 жылға артық, 82,2 жас.
Салауатты өмір салтын ұстану, салауатты мінез-құлық стилін қалыптастыру арқылы халықтың денсаулық деңгейін үлкен шығынсыз жақсартуға, қарапайым және тиімді жолмен біртіндеп табысқа жетуге болады. Оған ең жақсы дәлел – бірқатар шет елдердің оң тәжірибесі.
Шымкент қаласы
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті