Боқаевқа алаяқтық жасады деген айып тағылды

Oinet.kz 02-04-2026

unnamed.jpg  

Қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұлттық компаниядағы қызметі кезеңінде жасалған алаяқтыққа қатысты күдікке ілінді. Құқық қорғау органдары бұл істі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы – «аса ірі мөлшердегі алаяқтық» және 340-бабы – «алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының заңсыз ағаш кесуі, жоюы немесе бүлдіруі» бойынша тергеп жатыр.

Алайда әзірге нақты қандай қаржылық заңбұзушылықтар туралы сөз болып отырғаны және олардың қай кезеңде жасалғаны ресми түрде нақтыланбады. Бас прокуратура өкілдерінің мәліметінше, аталған жайттар Бокаевтың ұлттық компаниядағы қызметімен байланысты болуы мүмкін. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегенов мәлімдеді.

Белгілі болғандай, Санжар Бокаев 2015–2017 жылдар аралығында ҚазТрансГаз ұлттық компаниясында басқарма төрағасының кеңесшісі қызметін атқарған. Тергеу органдары дәл осы кезеңдегі қызметіне байланысты мән-жайларды тексеріп жатыр.

Қазіргі уақытта іс бойынша толық ақпарат жария етілмей отыр. Тергеу жалғасуда, ал ресми органдар қосымша мәліметтер кейінірек белгілі болатынын айтады.

 


Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевтің бауыры қамауға алынды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу