Шымкентте туысының екі ұлына бірнеше күн бойы зорлық жасаған күдікті ұсталды
Шымкент қаласында екі кәмелетке толмаған баланы зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды.

Құқық қорғаушы Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасында Human Rights Lawyers қорына түскен шағымды жария етті. Хабарламаға сәйкес, әйел перзентханада жатқан кезде 9 жасар ұлын туыстарының үйінде қалдырған, ал сол туыстарының бірі баланы үш күн бойы зорлаған.
Сонымен қатар, ер адамның екінші баланы, оның әпкесінің ұлын, шамамен бес күн бойы зорлағаны анықталған.
Шымкент қаласы полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын растап, «қажетті тергеу және процессуалдық әрекеттер жүргізілуде» деп хабарлады. Қазіргі уақытта куәгерлерден жауап алу және басқа да іс-шаралар жалғасып жатыр.


