Жанат Жаңқашұлы. «Табаны қарға тиген мөр секілді»

Oinet.kz 25-09-2018 873

Табаны қарға басқан мөр секілді, 

Жанары қарғап ашқан, көр секілді, 

Азуы жаңа туған Ай сияқты, 

Дауысы қобыздағы шер секілді, 

Мынау тірі қасқыр еді ғой! 


Табаны – кепкен мейіз əжімделген, 

Жанары мұңлы əйелдей назын берген, 

Азуы иесі өлген тұл қылыштай, 

Дауысы?.. 

Дауысына жазым келген, 

Мынау өлі қасқыр ғой! 


Мұң болғандай басына мінсіздік көп, 

Тулақты бұл ендігі құнсыз бүктеп. 

Ортамызға келді де тұрып алды, 

Өлім дейтін үнсіздік кеп.

Жанат Жаңқашұлы. «Тұтқындау»
Жанат Жаңқашұлы. «Қансусар»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу