Жамбыл Жабаев. «Тоқтағұлға»

Oinet.kz 24-09-2018 958

ZHambyl-ZHabaev-620x489.jpg

Келдің бе, ақиығым, алыс жерден,

Өтіпсің самғап ұшып асқар белден.

«Алмас пышақ қап түбінде жатпас» деген,

Хан-төре айналмай ма сендей ерден.

Ер ғана елін табар іздеп жүріп,

Жүрсе де ғұмырында қорлық көріп.

Құландай-ақ бұғауын үзіп қашқан,

Жетіпсің енді, міне, елге келіп.

Жамбыл Жабаев. «Артықша туған азамат»
Жамбыл Жабаев. «Қазақстан тойына»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу