Естеу Нүсіпбеков. «Шашу»

Oinet.kz 24-09-2018 1189

d4b9b9555b229b520ae460904e1faad7.jpg

Отбасы – жылы ұямыз, 

Тірегі – ата-анамыз. 

Уыз сүт еміп осында, 

Уылжып біздер өсеміз. 


Осында үлгі аламыз, 

Осында адам боламыз. 

Еркелеп, ойнап, еліктеп, 

Осында өсіп толамыз 


Тәрбие мектеп – от басы, 

Ақылды баулып, тіл ұштар. 

Өрімдей тезге тартылған 

Әдепті бейне дұрыстар. 


Ата-ана болса өрнекті, 

Ұл мен қыз өсер көрнекті. 

Әуезов Мұхаң айтқандай: 

Түзейік бесік-жөргекті.

Ескен Елубаев. «Нөсер»
Естеу Нүсіпбеков. «Соғыс ардагерлеріне»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу