Ескен Елубаев. «Мұрын көтеру»
Жармас басты тұқырту,
Негізсіз дер ме мұнымды,
Көкжиек болдым жұрт құрлы,
Көтеріп көке мұрнымды.
Бақастап байқап қарасам,
Болмайды екен ондайым.
Көбісі елдің аласа,
Көрінбей қалдым, оңбайын,
Ендеше мұрын көтерген
Емес - ау менің оңтайым...