Ескен Елубаев. «Алатау»

Oinet.kz 24-09-2018 1062

ed6e713a0937ffc953ce0ec8f4d88e75.jpg

О бастан – ақ жарасып

Тұрған тұлға, реңі.

Алатауды қарашы -

Алматының кілемі!

Көздің жауын алғандай,

Шырша,

Шалғын,

Гүлі бар.

Көрсе мейір қанғандай,

Алуан – алуан түрі бар.

Алатаудай айбынды,

Тау көргем жоқ мен әлі.

Медеудің мұз айдыны -

Чемпиондық медальі.

Есенғали Раушанов. «Зуһра деген жұлдыз бар-ды аспанда»
Ескен Елубаев. «Алтын заман»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу