Бақытгүл Бабаш. «Ай да болғым келмейді, аспаны бар»

Oinet.kz 18-09-2018 1191

Ай да болғым келмейді, аспаны бар. 

Аспаны бар, ғазалы, дастаны бар. 

Мен Гүл болғым келеді, дүниенің 

Ұлылығын тамырсыз тастан ұғар. 


Күнім деп те алдама. Күн емеспін. 

Жанымды өртеп жүр әлі - Мұң. Елес. Түн. 

Мен Гүл болғым келеді қолыңдағы, 

Сұрай алмай жүрсе екен сенен ешкім. 


Сабағыма түсірмес уақыт сызын, 

Ақ күлтеме жырымнан жақұт тіздім. 

Еңлік гүл едім мен. Қызғалдаққа 

Қолың создың. Қайтемін...Бақытсызбын.

Бақытгүл Бабаш. «Сағынышым ғанасыз»
Бақытгүл Бабаш. «Өкінбеймін»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу