Мұқағали Мақатаев. «Фантазия»

Oinet.kz 02-09-2019 1914

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Жеті қат жерің мына төңкерілген,

Жеті қат аспанменен көмкерілген.

Адамзат оның бәрін ерте білген,

Ертегіде табысқан ертеңімен,

Ғаламаттар туылған ертегіден.

Ғаламаттар жасалған ертегіден,

Ертегілер қиялын ерте жүрген.

Ғаламдық ақиқатты бұл адамзат,

Галилей, Коперниктен ерте білген.

Ертегіден жаңарып, қала тұрған,

Ертегіден ғұлама дана туған.

Бұл күнгі ғаламаттар, алдыменен,

Адамның қиялында жаратылған.

Барлығын да адамзат қиялдаған,

Қиялдап жер бетіне сыя алмаған.

Ойлап-ойлап, отырып кілеміне,

Аспанға ұшудан да ұялмаған.

Қиялдап, менің дана, байғұс бабам,

Алайда, атқа мініп, Айға ұшпаған.

Бабамның қиялымен қанаттанып,

Бүгін мен Айға қонып, жайды ұстағам.

Мұқағали Мақатаев. «Сынық қанат шағалам»
Мұқағали Мақатаев. «Автограф»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу