Мұқағали Мақатаев. «Болашақ дәрігерге»

Тоқта-тоқта, ей, жігіт, аялдағын.

Қане, қалай жағдайың, баяндағын.

...Тәжірибе мектебін өтіп жүрсең,

Дәрігерлік кәсіпке таянғаның.

Таянғаның, қарағым, таянғаның,

Адам үшін барыңды аянбағын.

Адам тұрар алдыңда, ұмыт болар,

Өліктер мен сойылған қояндарың.

Енді алдыңда тұрады тірі жандар,

Бірі сүйіп, кім білсін, бірі қарғар...

Қимылдамай кірпігі жатса-дағы,

Байқағайсың, шықпаған тірі жан бар!

Кәсібіңнен кетпегей жеріп мүлде,

(Ақыл айтып кеттім-ау желіктім бе?)

Өлгендерді тірілтем деп ойлаған,

Денесінен жан ізде өліктің де.

Жолың болсын, бара ғой, айналайын,

Айналайын, қорғаушым, қарғадайым!

Кәсібіңе мен сенің басымды ием,

Басымды ием, несіне арланайын...

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ана жүрегінің қуаты
  • Мұқағали Мақатаевтың кенеттен қайтыс болған қызы Майгүлге арнаған өлеңі
  • Неге Момышұлында бір-ақ орден бар?
  • Екі жердегі екі он тоғыз болады
  • Асқар Жұмаділдаев: «Кітапты беталды оқи бергеннен түк те шықпайды»
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика