Мұқағали Мақатаев. «Бір күніммен қоштастым»

Oinet.kz 02-09-2019 1592

Тағы, міне, қоштастым бір күніммен,

Қош айтыстым бір күнгі тірлігіммен.

Тоқтатып кер толассыз қозғалысты,

Түссең-дағы тәңірдің кіндігінен.

Айлар, жылдар, ғасырлар алға аттаған,

Алға аттады күнім де ардақтаған.

Мынау жарық әлеммен бірге айналып,

Заулап барам, бір күні аунап қалам.

Аунап қалам...

Білемін, білемін мен!

Ажыраймын жармасқан тірегімнен.

Қүлай білем,

Себебі, жүре білгем,

Құсым ұшса болғаны жүрегімнен.

Бір құсым бар кеудемде-зынданымда,

Бірге туған менімен, туғанымда.

Байғұсыма бостандық берсем болды,

Аунап кетпей әзірге тұрғанымда.

​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Күншіл ақ кірпік
​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Күңгірт түспен ойға батып
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу