Мұқағали Мақатаев. «Аңса, жаным»

Oinet.kz 02-09-2019 1377

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Мен тілейін.

Жарқыным, сен де тіле:

Жақсылық орнасын де жер бетіне.

Аққу тіле айдынның келбетіне,

Айдын тіле аққуды тербетуге.

Мен аңсаймын.

Сен-дағы аңса жаным:

Жақсыдан жайлап ескен жан самалын.

Аңса, жаным,

Зарығып, шарша, жаным,

Қалса да қанша ғұмыр, қанша амалың.

Аңса, жаным!

Мен сағынам.

Сен-дағы сағын жаным,

Адамнан тек жақсылық табылғанын,

Ашусыз, ала көзсіз бауырлардың,

Аңсаймын алқам-салқам қауымдарын.

Көңілім болса-дағы қанша жарым,

Солармен білінбейді шаршағаным.

Жақсыдан жайлап ескен жан-самалын,

Жабықпай аңса жаным,

Аңса, жаным!..

Мұқағали Мақатаев. «Тауда өстім»
Мұқағали Мақатаев. «Адамзаттың ұрпағы»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу