​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Дүниедегі қызықтың

Oinet.kz 02-09-2019 988

Картинки по запросу Сұлтанмахмұт Торайғыров

Дүниедегі қызықтың

Бәрі де арам мен үшін.

Дауасы жоқ бұзықпын,

Талпынбаймын ем үшін.

    Туысқаным – қабір құшағы,

    Қашан ол келіп құшады.


Ойланып һәм шарланбай,

Құтылған жоқ менен ой.

Ешбіреуін малданбай,

Сенді қатты тұла бой.

     Болсам деген үміттің

     Бәрінен бездім, ұмыттым.


Аямады еш уақыт,

Дүние маған ашуын.

Алыстады һәм бақыт

Тоңтатпастан қашуын.

     Қаматпай жүрек тасқынын,

     Босатсын дүние қашқынын.


Зылиқасын көрсе де,

Жүрек енді ашылмас.

От, жалындар енсе де,

Махаббатқа бас ұрмас.

    Дос іздедім, қамдандым;

    Таба алмадым, алдандым.


1914

​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Достыма хат
Мұқағали Мақатаев. «Алматының аспаны»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу