Мұқағали Мақатаев. «Хал мүшкіл, қалқам»

Oinet.kz 02-09-2019 1370

Керемет кезде тусақ та,

Керемет шақта тұрсақ та,

Білдірмей іштен тынсақ та,

Біздің хал мүшкіл бұл шақта.

Зауық жоқ сауық-сайранға,

Қона алмай жүрміз жайлауға.

Бәйгені бермес көк қасқа,

Бұл күні, қалқам, байлауда.

Ой менен қырға ап қашқан,

Шоқ шайнап жүріп, от басқан,

Бәйгені бермес көк қасқа,

Бізбенен бүгін қоштасқан.

Өткізген күндер дүрмекпен,

Өткен шақтармен бір кеткен.

He таптық арзан құрметтен?

Арзан сауықты гулеткен.

Хал мүшкіл, қалқам, бұл шақта.

Өткенге мойын бұрсақ та,

Барсақ деп айла қылсақ та,

Жеткізбес енді қусақ та...

Мұқағали Мақатаев. «Қара шалғы»
Сұлтанмахмұт Торайғыров. Ағайынның азғандығы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу