Мұқағали Мақатаев. «Шындық туралы»

Oinet.kz 29-08-2019 1635

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Шындық көзге шұқиды қашаннан да,

Шыбын жаның шындықтан қаша алған ба.

Ар-ақиқат үкімі жасалғанда,

Қолға тұрар ноқтасыз асаулар да.

Қолға тұрар қулар да, зұлымдар да,

Ат жалынан мал тапқан жылымдар да.

Арамзаны, ұрыны жұлып түспей,

Ақиқаттың алмасы суынған ба!

Шындық деген - шымылдық біреулерге,

Қалқа қылып шындықты жүрер пенде.

Шымылдығын шындық кеп жұлып алса,

Шыбыны ұшып, бишара кірер жерге.

Мұқағали Мақатаев. «Тау өзені тентек қой, тасып жатыр»
Мұқағали Мақатаев. «Маған, құрбым, кектенбе»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу