Мұқағали Мақатаев. «Жұмбақ»

Oinet.kz 29-08-2019 1027

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Келісетін мемлекеттер елшісіне ұсаған,

Қабақ бағып, қыл үстінде біз отырмыз - үш адам.

Үшеу ара жоқтан бар қып, бір әңгіме бастаймыз,

Бастаймыз да, жалғай алмай, жібін үзіп тастаймыз.

Жараспайды әзіліміз, жараспайды күлкіміз,

Үшеуміз де ашылмайтын кілтсіз қара құлпымыз.

Жабығады жас келіншек, қарамайды жарына,

Сүле-сопа жігіт отыр қолын тақап жағына.

Дастарқанның бір шетінде мен де отырмын еш үнсіз,

Сұрақ та жоқ, жауахі та жоқ, бір жұмбақпын шешусіз.

Қатынасын жаңа ғана жөнге қойған екі елдің,

Арасына ақымақ боп бекер келген екенмін.

Үнсіз секунд, минуттарды мүлт

Үш ғұмырды ұзатып caп, керегеде

Бұл өмірден еш алаңсыз сәби жатыр

Ұйықта, бөбек, үлкендердің жұмбақтарын

Үнсіз кітап оқыды да, аударылды парақтар,

Үнсіз үшеу отырды да, ақтарылды шараптар.

Қулығы ма, шындығы ма, үй иесі мас болды,

Жас арудың жанарына мөлтілдеген жас толды.

Мен отырмын. Отырдым да достығы үшін екі елдің,

Бокалымды толтырдым да, толтырдым да, көтердім...

Мұқағали Мақатаев. «Ауыздықтап тұра алсын арманды кім»
Мұқағали Мақатаев. «Көрмеймін...»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу