Мұқағали Мақатаев. «Қызықпа, қыз!»

Oinet.kz 29-08-2019 978

Ақын жайлы айтады қызықты аңыз,

Бірақ сен қызықпа, қыз!

Қызықпа, қыз!

Рас-ақ, біздер - патша!

Мұжық та - біз...

Тузік те - біз, түнерген бұзық та біз!

Ақындарға қызықпа,

Қызықпа, қыз!

Шынымен ақын жанын қалайсың ба?

Шыдайсың ба, шынымен талай сынға?

Ақын деген бірде қарт, бірде сәби,

Қартты сыйлап, сәбиге қарайсың ба?

Ілікпе, қыз,

Ақынның тұяғына.

Зымиян да осылар...

Зиялы да.

Мұқағали Мақатаев. «Зираттағы жыр»
Мұқағали Мақатаев. «Аппассионата»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу