Мұқағали Мақатаев. «Қысырақтың үйірі»

Oinet.kz 29-08-2019 930

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

-Бағасың! - деді бастығым,

-Бақпаймын! - дедім, бала едім.

Артым бос, айтар тасбуын,

Жоқ-тұғын менің дәлелім.

-Бақтырам! - деді бастығым.

Бағасың! - деді,- жетпегір!

Сонымен, біраз жас күнім,

Қысырақ қуыга өткен бір,

Қорада жемсіз ақырда,

Қамауда-тұғын қысырақ,

Аяңдап келем, тақымға

Шетеннен ңұрық қысып ап

Айқара аштым қораны,

Жануарларға обал-ды.

Обалды қайтсін қысырақ,

Ойнақтап алып жоғалды.

Біріне-бірі дем беріп,

Тұяқпен түтіп даланы.

Тулаған өңшең көкжелік,

Үйірін іздеп барады,

Қайыру берер болмады,

Ойнаңтап олай, былай бір,

Сорпасы шығып сорлады.

Сілесі қатқан құла айғыр

Желігіп алды көнбестен

Желқуық өңшең байталдар,

Бірі де қайыру берместен

Сынаптай аңты сайтандар.

Бір-бірлеп жүріп сай-құмнан,

Өлгенде әзер қайтардым.

Жармасты-ау құла айғыр да,

Жалына жирен байталдың.

Сынаптай аққан сайтанды,

Жануар әбден илегіті,

Шу асау өңшен, байталды,

Бір-бірлеп жүріп үйретті...

Мұқағали Мақатаев. «Жүрегімде жүргені-ай бір қауіптің»
Әсет Найманбайұлы өмірбаяны
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу