Мұқағали Мақатаев. «Батар күн»

Oinet.kz 29-08-2019 1143

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Батар күн,

Келер түн,

Атар таң,

Шығар күн,

Бәріңе, бәріңе, бәріңе құмармын!

Осы мен,осылай мәңгілік тұрармын,

Осы мен, сірә да, өлмейтін шығармын!

Жақындық сеземін -

Жерден де аспаннан,

Жылылық сезінем -

Мұздардан, тастардан.

Өмірім, сірә да,әріден басталған,

Әріден басталып, мәңгіге тасталған.

Осы,мен,өлмейтін, өлмейтін шығармын,

Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын.

Мұқағали Мақатаев. «Не келіп, не кетпеген бұл ғаламнан»
Мұқағали Мақатаев. «Жүрегімде жүргені-ай бір қауіптің»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу