Мұқағали Мақатаев. «Көрерміз»

Oinet.kz 29-08-2019 1080

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Қарыздармыз біз Отанға, барымызды берерміз.

Қарыздармыз біз Отанға, қарыздар боп өлерміз.

Есеп берер күн де болар ұрпақтардың алдында,

Мықтымсыған мырзаларды, бәлем, сонда көрерміз.

Отымызды Ұлы Отанға берерміз де, сенерміз,

Гүлімізді ұрпақтарға сыйлармыз да, семерміз.

Жаңа келген ұрпақтардың алғысын ап, марқайып,

Артымызда кім қаларын тірі жүрсек,көрерміз.

Ұлан-асыр ұлы күрес. Түбінде бір жеңерміз,

Біз әзірге даурықпаға шетімізден шебермізі

Кұрғақ даңқ құлы болып, бәлки... бір күн. кім білсін.

Құр таласпен күн өткізіп, түк өндірмей өлерміз...

Кенен Әзірбаев өмірбаяны
Мұқағали Мақатаев. «Несіне асығады?!»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу