Мұқағали Мақатаев. «Қырқыншы жылдар»

Oinet.kz 29-08-2019 975

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Рас, қайғы-қасіреті бар қаптаған,

Ғұмырлар бар батқан және батпаған.

Әкелгенмен әр адамға бір қайғы,

Сол жылдарға қарғыс айту жат маған.

Жанды-жансыз бар табиғат түнерген,

Әр кеудеде бір шер барын білсем мен.

Қан майданда ерлік етсе біреулер,

Қарсы жауға біз де шықтық түренмен.

Аңыздардан тере жүріп масақты,

Рас, рас, көзімізден жас ақты.

Бірақ со бір дауыл жылдар, от жылдар,

Бәрімізден бір-бір батыр жасапты.

Батыр жұртым, сол жылдарды өткердің,

Сонда да сен жақсы көрдің, жек көрдің.

Қара емендей қатып қалған әжеңді,

Кейінгі ұрпақ, батыр емес деп көргін!

Кейінгі ұрпақ, саған салған өткелдің,

Сағасында өткен жастық, өткен күн.

Қаршадайдан қара шаруа атанған,

Сен әкеңді батыр емес деп көргін!

Сол жылдарға қарғыс айту жат маған,

Сондағы мен ерлігіме мақтанам.

Балғын ұрпақ, сенің болашағынды

Біле білсең, мына біздер сақтаған!

Мұқағали Мақатаев. «Қасым солай болмаса...»
Мұқағали Мақатаев. «Жүрек неге зат болып жаралмаған?!»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу