Мұқағали Мақатаев. «Реніш»

Oinet.kz 29-08-2019 1317

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Әй, балам-ай!

Шамалы-ау түсінігің,

Қандай болар, білмеймін, кісілігің...

Жаңа ғана қайтқандай жерлеп мені,

Жауар күндей қабағын түсіруін!

Әй, балам-ай, шамалы-ау түсінігің!..

...Жоқ, балақай!

Мен сендей боп өспедім!

Мына мінез - мінезім емес менің.

Адамдардан рахым алу үшін,

He көрмедім, өмірде не кешпедім?!

Аяры жоқ адуын жауыздықтан,

Алып шықтым арымды тамыздықтан.

Амалым не, жастықтың кер тұлпарын,

Тасқа қамап тастадым ауыздықтап.

Қиып түсер, қыршын ем, алмасы көп,

Қидым бәрін сен өксіп қалмасын деп.

Мінезің-ай, балам-ай, мінезің-ай!

Кетпегей-ді мерт етіп, жарға сүйреп...

Мұқағали Мақатаев. «Сен менің жүрегімді жазалама»
Мұқағали Мақатаев. «Тура қара көзіме, тура қара»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу