Мұқағали Мақатаев. «Қарға адым жерде тұр еді менің бақытым...»

Oinet.kz 29-08-2019 1123

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Қарға адым жерде тұр еді менің бақытым

Ұстай алмадым,

Өткізіп қойып уақытын.

Сансырап, шаршап жүргенде,

Біреу тап келіп,

Қақты да кетті,

Айылы мықты, аты тың.

Тұратын еді,

Қол созым жерде, қарға адым

Қамсыздығымнан, қайтейін,

Ұстай алмадым.

Ғанибет етіп, тірлікке мына алданып.

Өлген жоқ бірақ,

Бақытқа деген арманым.

Ырзамын өзім тіршілік етіп жүргенге

Кімдерге жақпай.

Аяулы болып кімдерге

Бақыт дегенің - өмір кешу ғой білгенге,

Келуі де оңай,

Кетуі де оңай бір демде...

Қадыр Мырза Әли өмірі мен шығармашылығы
Мұқағали Мақатаев. «Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу