Мұқағали Мақатаев. «Бұрын ылғи құс сайрайтын тереземнің алдында»
Бұрын ылғи құс сайрайтын тереземнің алдында,
Ала қарға, қарқылдайды...
Нендей сиқыр бар мұнда?!
Көгершіндер, шымшықтар-ау...
Қайда кетіп қалдындар?
Аласапыран, абайсызда айырылып қалдым ба
Нендей сиқыр бар мұнда?!
Алақарға... Алақарға...
Қарасы өшсін құрғырдың
Шымшықтардың шырылы мен үні қайда
Шынашақтай бұлбұлдың?!
Құстарымды тереземнен кім қуды?!
Мен қудым ба?\'
Жын қуды ма?
Әлде өзім алақарға!
Жігерімді құм қылдың...