Мұқағали Мақатаев. «Жүр, қалқам»

Oinet.kz 29-08-2019 1059

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Шайқалып нұр,

Маужыраған мамырдан май тамып тұр.

Жайқалып қыр,

Тауға соққан боз сағым қайта ағып тұр.

Айталық сыр,

Серуендеп, жүр қалқам, қайталық бір.

Сырласайық,

Қызғалдақты иіскеп, бір жасайық,

Қыр басайық,

Өмсе бұлай мамырдың тұрмас айы.

Мұңдасайық.

Қос көңілдің пернесін бір басайық.

Танысайық,

Сенде - мамыр, ал менде - ағұс айы.

Табысайық,

Сенде - шырын, менде - дән, ауысайық?

Ауысайық,

Шырынын да, дәнін де тауысайық.

Құлақ талып,

Мына даңнан кетті ғой құлақ талып,

Жырақ барып,

Серуендеп қайтайық сыр ақтарып.

...Бара жатыр жанымды бір от қарып,

Жастығым ба, тірілген құлап барып?..

Мұқағали Мақатаев. «Өзімнің есебімше...»
Мұқағали Мақатаев. «Көреміз»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу