Мұқағали Мақатаев. «Мұздама, жылы жүрегім»
Дәрменсіз, ойсыз шарқ ұрып,
Қалғанша қатып қайғыға.
Дариям бітіп, тартылып,
Кіргенше өлім койнына.
Мұздама, жылы жүрегім,
Сөнгенше сәулең біржола.
Өлімнің салып жүгенін
Болғанша табыт қу мола!
Дәрменсіз, ойсыз шарқ ұрып,
Қалғанша қатып қайғыға.
Дариям бітіп, тартылып,
Кіргенше өлім койнына.
Мұздама, жылы жүрегім,
Сөнгенше сәулең біржола.
Өлімнің салып жүгенін
Болғанша табыт қу мола!