Мұқағали Мақатаев. «Қырман басында»

Oinet.kz 29-08-2019 1240

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Қызу қарқын, көңіл шат,

Шығады жарқын дауыстар.

Ұштасқан қимыл қат-қабат,

Еселенген екпін бар.

Бұлшық етті білектер,

Еңбек сүйгіш жүректер.

Жойқын күш үдей түседі,

Шыққан сайын ашшы тер.

Молотилка үйіріп,

Төгеді меруерт алтын дән.

Жал-жал астық үйіліп,

Қырманға көрік берді сән.

Қарт колхозшы Есімхан

Қолынан түспей күрегі.

Бойына еңбек тым жаққан,

Жарқырап жүзі күледі.

Тау жақтан кенет жел тұрып,

Қыздырды еңбек қызуын.

Есекең де желпініп,

Ұшырып жатты қызылын.

Зағипа әкпей асығып,

"Бол, болға" алды көп елді.

Арбаға астық басылып,

Мемлекетке де жөнелді.

Шабыттанып мен тұрмын

Ерекеңнің қасында.

Өмірге осы келтірдім

Жырымды қырман басында.

Мұқағали Мақатаев. «Қыстың күні»
Мұқағали Мақатаев. «Қойшы бала Әкітай»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу