Мұқағали Мақатаев. «Ғабаңа»

Oinet.kz 28-08-2019 1151

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

(Ғабит Мүсіреповке)

Ғабеке,

Анда-санда сізді көрем,

Сізді көрсем жомарт бір күзді көрем,

Еліктеп өзіңізге есім кетіп,

Көгендеп ақ қағазға тіздім өлең.

Мейіріммен қарайтын Сізді көрем,

Басқалар үміттерін үзді менен.

Зәһәрмен жібітем деп қу таңдайды,

Сеземін өзін-өзі жұрт алдайды.

Жібітсем кейде мен де қу таңдайды,

Басымнан Алатаудың бұлты аунайды,

Біреулер келекелеп, жыртаңдайды,

Түбінде құртса мені, құртар қайғы,

Алайда жырларымды жырта алмайды!!!

Менен де үміт күтіп туған елім!

Мен-дағы үмітпенен туған едім.

Mac болғап өлеңіне бір жан едім.

Ғабеке!

Айтсаңызшы мыналарға,

Мен кімнің қазынасын ұрлап едім?

Абай Құнанбайұлы. Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен
Мұқағали Мақатаев. «Сонымен күндер өтті»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу