Мұқағали Мақатаев. «Маңдайда бір тал шашым ағарыпты»

Oinet.kz 28-08-2019 1064

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Маңдайда бір тал шашым ағарыпты,

Белгісі болғай-дағы «даналықтың».

Ығысып, қарақұсқа бара жатыр,

Кекілі кешегі анау балалықтың.

Ағарсын шашым, мейлі, ағармасын,

Алаң боп ауырмағай оған басым.

Жастықтың оты сөнер, оты сөнер,

Қызуы бойда бірақ жоғалмасын.

Жанар тауым бар еді ғой кеудемде,

Жалын атып, жана-жана сөнген бе?!

Тас қайнатып, жатушы еді, от бүркіп,

Тастай қатып, тынған ба енді, өлген бе?

Бір жанар тау жатушы еді төсімде,

Жана-жана айналған ба өшуге?1

Қызыл-күрең алау оттың орнында,

Қылымсыған қыз-сағымдар көшуде.

Жанар тауым бар еді ғой өртенген,

Жалыны оның неге мұнша ерте өлген?!

...Отырып ап сөнген ошақ басында,

Қорқыт атам қыл қобызын шертем мен.

Абай Құнанбайұлы. Мен боламын демеңдер
Абай Құнанбайұлы. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу