Мұқағали Мақатаев. «Бір өлеңі - бір елдің мұрасындай»

Oinet.kz 28-08-2019 2299

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Бір өлеңі - бір елдің мұрасындай,

Жыр жаза алмай жүрмін мен Расулдай.

Расулдай...

Бағым да жүр ашылмай,

Құсбегінің қолындағы лашындай.

Танылмаса сырымен, қырыменен,

Танылмай-ақ кетсінші құрып өлең!

Расулдай мен-дағы жырлар жазсам,

Расулды тонаған ұры дер ең...

Расулдай бола алман!

Жырым бөлек!

Өзімнің үнім керек, тілім керек.

Өзгені де өзіндей сүйген елім,

Өз ақынын табады түбінде кеп.

Meн - таулықпын -

Қыранның балапаны.

Маған-дағы тауымның таңы атады.

Қарапайым қалтқысыз жырларымды

Қажетіне өз халқым жаратады.

Мен әзірге бола алмай Расулдай,

Бағым, жаным - барлығы жүр ашылмай.

Алынады томағам, кетем ұшып,

Құсбегіден құтылған лашындай.

Ахмет Байтұрсынұлы өмір жолы
Абай Құнанбайұлы. Интернатта оқып жүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу