Абай Құнанбайұлы. Жасымда ғылым бар деп ескермедім

Oinet.kz 28-08-2019 1457

Картинки по запросу абай өлеңдері

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ержеткен соң түспеді уысыма, 

Қолымды мезгілінен кеш сермедім. 

Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы, 

Қолымды дәп сермесем, өстер ме едім? 

Адамның бір қызығы бала деген, 

Баланы оқытуды жек көрмедім. 

Баламды медресеге біл деп бердім, 

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім, 

Өзім де басқа шауып, төске өрледім, 

Қазаққа қара сөзге дес бермедім. 

Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ, 

Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.

Мұқағали Мақатаев. «Егер де айта алмасам айтарымды»
Абай Құнанбайұлы. Жас өспірім замандас қапа қылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу