Абай Құнанбайұлы. Есіңде бар ма жас күнің

Oinet.kz 28-08-2019 1768

Картинки по запросу абай өлеңдері

Есіңде бар ма жас күнің,

Кімді көрсең — бәрі дос.

Махаббат, қызық, мал мен бақ,

Көрінуші еді досқа ортақ.

Үміт жақын, көңіл ақ,

Болар ма сондай қызық шақ?

Құдай-ау, қайда сол жылдар,

Махаббат, қызық мол жылдар?!

Ақырын, ақырын шегініп,

Алыстап кетті-ау құрғырлар.

Жалынасың, боқтайсың,

Сағынасың, жоқтайсың

Махаббат кетті, дос кетті,—

Жете алмайсың, тоқтайсың.

Көзіме жас бер, жылайын,

Шыдам бер, сабыр қылайын

Жаралы болған жүрекке

Дауа бер, жамап сынайын.

Абай Құнанбайұлы. Ескілік киімі (Ойланып ойға кеттім жүз жылғы өткен)
Абай Құнанбайұлы. Жаздыкүн шілде болғанда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу