Танымал болудың қандай көлеңкелі жақтары бар?

Oinet.kz 02-08-2019 1945

Тұлғаның таныс адамының барлығын дос деп қабылдауға болмайды. Сіздің сеніміңіз бен қатынасыңызға қарай серіктестеріңіз амал дос(жәй таныс) және адал дос(!) болып екі топқа жіктеледі. Біреуі у ұсынса, бірі су ұсынады. Ұлы тұлғалардң биографиясына қарап достардың біздің "тағдырда не жасай аларын" бағалайық.

джек.jpg

Джек Лондон

Ол тым жас еді. Бір деректерде нашаны мөлшерінен артық қабылдап қаза тапты делінсе, келесі дәйекте бәрінен түңілген оған басқа амал болмады деді. Небәрі 39 жасында қаза болған сымбатты жазушыға сырттай қарасаңыз табыс , атақ, абырой жеткілікті еді. Тек жанын ұғар серігі болмады. Оның «қасқырлар үйі» шығармашылық адамының шабыт алуына, сауық құруына дем беретін. Демеу көрсеткен достарының жалған пафос сөзі  оның жалғыздығы шымбайына батуын тездете түсті. Оны қарыз қорқытпайтын. Борышын қайтару үшін Джек көп мөлшерде жазатын. Оған шығыны жазу қабілетін жақсартуға көмек беретін. Бірде ақын серігі «Джек ақшаны қиналмай-ақ көп мөлшерде табады. Біздің оған ақшасын жаратуға көмегіміз қажет" деп қалжыңдайды. Шын мәнісінде Джек Лондонға жансарайының инвесторы болатын дос керек еді...

280px-Vladimir_Vysotsky.jpgSergey_Yesenin.jpg

Есени мен  Высоцкий

Есенин мен Высоцкий достары- ең аянышты мысал.  Ұлы ТҰЛҒАНЫҢ «таныстары»  достарының есебінен ішіп-жейді, дау-жанжалдар мен төбелестерге итермелеп шақыстырады, масқаралық күйде тастап кетеді. Содан кейін ДОССЫМАҚТАР ақындардың ақымақтықтары  туралы ащы және "шынайы" естеліктер жазды. Аңыз бен ақиқаттың ортасында адамдардың дүдәмәл ойын қалыптастырады.  Есенин мен Высоцкийдің достары сауық-сайран үшін ғана маңайлайтын. Таланттарды өлтірген сайын мұндай «көлеңкелі достардың» жаңа құрбаны пайда болатын.

4f8b3e6f2e314559b1d72bbc98aeca94__980x.jpg

Эдит Пиаф

Достардың қысымы барлық ұлы тұлғаларға ортақ фактор. Бірақ ара салмақты сақтау фазасы әркелкілікке ие. Энші Эдит Пиафтың есебінен күн көретін сауықшыл достары көп еді. Бірақ әнші барлығы көз алдайтын қатынас екенін жақсы ұғатын. Бірде ресторанға кірген Пиафты көрген таныстары ере кіреді. Әнші-актриса барлық досына бір шолып қарап тек жалғыз түйір картопқа тапсырыс береді. Дос деп жүрген жандары тек мысқылдап күліп қана кетеді. Келер жолы Эдит достарын жинап бағалы әшекей- бұұйымдарын көрсетеді. Талантты тұлғаның бай болуы ешкімнің таңданысын оятпайды. Еңбекқор адамның бай болуы-заңдыық қой. Актрисаның бриллиант және алтындарды еш қиналмай унитазға ағызып жіберуі барлығының жағасын ұстатты. 

P.S. Ақиқаты, бай адамдарда бақыт болады дегенге барлығымыз имандай сенеміз. Қаншалықты бай-бақуатты хәлге жетсекте мейірім болмаса барлығының көк тиындық құны жоқ. Қоғамда таланттар  дұрыс бағаланбайды. Шындығында оларға жалған пафос түкке қажет емес. Қамыт салып итті мақсатты баққандай, материалдық қажеттілік үшін оларға жағыну у бергенмен тең.

Суреттер ашық дереккөзден алынды

Мұхтар Шерім. Айлабию
Қытайлық рецепт: Асығыссыз бәріне қалай үлгеруге болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу