Қытайлық рецепт: Асығыссыз бәріне қалай үлгеруге болады?

Oinet.kz 05-08-2019 1809

680x453_1_10e8ba5a989740eb07713998757a1bae@690x460_0xc0a8392b_6637579901516103305.jpeg

Қытайда 10 жыл өмір сүрген философ және жазушы Кристин Кайоль ақылсыз ары-бері шапқылауды баяулататын 7 ережені анықтайды. Уақытты аялдатудың, бәріне уақыт табудың өз шешеімі табылды.

Кездесуге уақытынан бұрын келіңіз

Қытайда кездесуге 10 минут алдын келу, ол сіздің кездесетін адамыңызға деген сыйыңызды білдіреді, оған уақытыңызды қия алатыныңызды білдіреді.

Уақытынан бұрын келу, соңғы сәтке дейін күтіп бірер минут қалғанда жолай палтоныңды иығыңа іле сала жүгіруден жақсы. Батыста уақыты тығыз адамдардың әр уақыты бағалы, тығыз деп есептелінеді, оларға үнемі кешіріммен қаралады. Ал қытайлықтар үшін бос уақыт әсіресе табысты адамдарға тән артықшылық.

"Батыста билікке ие адам өзін күттіре алса, Қытайда табыстылар өз уақытын шебер жұмсап, өз уақытына өзі қожа екендігін көрсете отырып, қонағын күтеді", — деп нақтылайды Кристин Кайоль.

Табиғатпен үндестікте болыңыз.

Пекин паркінде үнемі халық артығымен жүреді, бірі гинастикамен басқасы медитациямен айналысып, батпырауық ұшырып не жәй серуендеп жүреді. Күнделікті өмірде табиғатпен қарым-қатынас жасау үшін үзіліс алу маңызды: скверде орындыққа бірнеше минут отырыңыз, табиғат сұлулығын суретке түсіріңіз, бұлттарды тамашалаңыз, осыдан ләззат алыңыз. Әлемде сіздің дедлайндарыңыз мен цейтноттарыңыздан да керемет дүниелер бар екендігіне қанық болыңыз.

Таңертеңгісін және кешкілік уақыттарда гимнастикамен айналысыңыз.

Көптеген қытайлықтар ұйқыға кетер уақытында және ұйқыдан оянған сәтінде міндетті түрде жаттығу жасайды, көп болмаса да бірнеше. Мұндай белсенділік гармонияда болуға көмектеседі.

Үнемі жұмыс кестеңізде бос уақыт қалдырыңыз.

Қытайлықтар әр секундын қажетсіз жұмыстармен толықтырып, өздеріне ауыртпалық жүктеуден аулақ. Не үшін? Бір пайдалы іс табылады, сіз ойламаған. Ал егер жоқ болса, босаңсуға немесе тамақтануғаболады, бірнеше жеке қоңырау шалуға болады, өз ойымен бірнеше минут оңашалануға болады. Бұл әдіс өзін уақыт иесі сезінуге мүмкіндік береді.

Танымал болудың қандай көлеңкелі жақтары бар?
Батырхан Сәрсенхан, ақын: «Ақынды өлтірудің басты жолы – елемеу»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу