Даңқ аллеясы

Oinet.kz 24-05-2022 1264

Screenshot_1.png

Мыңдаған есімдердің үстінде жатқан мыңдаған гүлдерді көріп, 

адамның соншалықты қатігез әрі соншалықты мейірімге толған жүрегінің дүрсілін естідім.

елесін көрдім жандардың қатігез жүрекке қарсы отанға деген мейірімімен бірге құрбан болған.

елесін көрдім гүлдердің Мейірімді Жүректер есімдерді есте сақтау үшін құрбан қылған. 

осы абсурдтың арасында адасқан түсініксіз сезімді Даңқ аллеясында қалдырып, 

Даңқ аллеясында өсіп тұрған ақ раушанмен айырбастадым.

мамырда жауған жауын ба екен?! жазықсыз раушанның жасы ма екен?!

қолыма төгілді тамшылар,

жылады тұншыға, түршігіп.

ақ раушанның бейкүнә құрбандығы үшін тақта тастағы есімдерден кешірім сұрадым, 

есімдері ғана қалған есімдерден кешірім сұрадым, адам үшін, адам кейде жасайтын қадам үшін!

Маржан Әбләзімова

Әсел Асқар пәк қыздардың басты қателігін айтты
Әлемдегі ең қысқа қорқынышты әңгіме
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу