Санжар Ғұлама. Сүйме мені
СҮЙМЕ МЕНІ...
Бақытсыз боп қалсам да сенсіз,
СҮЙМЕ!
Жас жүрегің тап болар емсіз күйге.
Есерсоқтай кетерсің дала кезіп,
Өмір жоқтай көрінер "менсіз үйде".
Мың əуреге салармын сөзсіз,
СҮЙМЕ!
Көңіліңе сезімді көзсіз түйме.
Ғаріп жаның жаншылып,
Құр бекерге,
Диуанадай түсерсің ессіз күйге.
Құр өткізіп күн, апта, айды,
СҮЙМЕ!
Көңілімнен жасап ап жайлы күйме.
Ұқтырып-ақ бағам деп,
Түбінде бір,
Жұқтырып ап жүрерсің қайғы,
ТИМЕ!
Жаным-жаным,
Айтарым - СҮЙМЕ МЕНІ!
Бос сезімнің болмашы күйгелегі.
Сүйген емес,
КЕРЕГІ -
Мына маған,
Бір жүректің жазықсыз күймегені.