100 мақал-мәтел(4-бөлім). Қазақтың мақал-мәтелдері

Oinet.kz 08-09-2020 1631

Мақал-мәтел.jpg

31. Абыройың артқан сайын арқалар жүгiң де ауырлайды.

Жалпы адамдардың қызметі, лауазымы өскен сайын адам мінезі өзгереді. Кейбіреулер үшін мансап билігін жүргізіп, байып қалудың жолы болса, ал енді біреулерге ол үлкен жауапкершілік жүктейді. Елдің қамын көбірек ойлайтын болады, бұрынғыдан да көбірек жұмыс жасайды. Ондай жанның абыройы өседі.

32. Тауы биiк болса, шатқалы да терең.

Биікке шығарда түсетініңді де ойланғаныңыз дұрыс. Биіктің басында қалу – көп жанның маңдайына жазылмаған бақыт. Биіктен түскеннен кейін төменде өмірді жақсы сүру үшін, биікте тұрғанда әділ, шапағатты болу керек.

33. Ойсыздың бәрi ­ өркөкiрек.

Адамға жараспайтын мінездің бірі - өркөкіректік. Ондай адамда кісілік, адамгершілік аз болады. Азға мәз болып, бір күн таққа отырса, түспейтіндей күй кешіп, есі шығады. Алдына келгеннің еңкейіп келгенін қалайды. Сондай адамды көргенде халықтың «Ойсыздың бәрі – өркөкірек» деген қанатты сөзін есіңе аласың.

34. Онның ойы бiр жерден шықса, оң ойлағаны.

Халқымызда тағы бір мынадай сөз бар: «Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ» деген. Қыңыр адам елдің сөзіне де, ісіне де қарсы болып, көптің ашу-ызасын тудырады. Ондай адамдарға қыңырсың десең, қатты ашуландырып алуың мүмкін. Сондықтан ондай адамға: «Онның ойы бір жерден шықса, оң ойлағыны» десеңіз, ол ойланады.

35. Асқар таудың көлеңкесi алысқа түсер.

Қолында билігі бар адам көп жақсылық жасай алады. Жақсылық деген жақындарын жаман болса жақсы деу емес, жақсылық қоғамға, елге, ұжымға болатын игілікті іске адамдарды жұмылдыра білу. Нәтижесінде адамдар да соның жақсылығын көру. Сондай басшыларға, тұлғаларға «асқар таудың көлеңкесі алысқа түсер»деп айтуға болады.

36. Уақыт ұшқан ұшқындай, Жылт етiп артта қалады.

Уақыт зымырап өтіп жатыр. Көзді ашып жұмғанша, таң атып, күн батуда.  Адам баласы уақытын тиімді пайдаланып, артына із қалдыру керек. Қартайғанда өкінбес үшін, қазірден ойқастап орныңды иелен. Жақсылық жаса, өзгені қуант.

Өмір-қаушының сабындай ғана.

37. Жеті атасын білмеген – ұл жетесіз,

Жеті ғасыр тарихын білмеген – ел жетесіз.

Жеті саны қазақ үшін киелі сандардың бірі. Жеті атасын ұрпағына үйретуді бабаларымыз өздеріне парыз санаған. Жеті атадан аспағанша жастардың бір-біріне үйленуіне тиым салған.  Ал енді жеті ғасыр тарихын білмеген елдің жетесіз болатыны неліктен?

Өткенгі тарих, бүгінгі күннің жемісі.  Өткеніңді ұмытпау адамға міндет.  Барыңды бағала, тарихыңды сарала, болашағыңды қазірден ойла!

38. Арық қазбасаң - атызға су келмейдi.

Кейде біз қызық ойлаймыз. Ешқандай әрекет жасағымыз келмейді, еңбек еткіміз келмейді, бірақ бай болғымыз келеді. Жақындарымызды өзіміз іздемейміз, егер олар келмесе өкпелейміз. Адам өзі әрекет жасамайынша, Алла да оның аузына су тамызбайды. «Арық қазбасаң – атызға су келмейді» деген сол емес пе?

39. Жер ­ қазына, су ­ алтын.

Дүниежүзінде ауызсу мәселесінен  үлкен мәселе жоқ. Кейбір елдер ауызсуды басқа елден сатып алып ішіп отыр. Ал біздің ауыз суды қалай болса солай қолданғанымыз, шын мәнінде, қылмыс емес пе?

Судың да сұрауы бар. Барлығын есеппен қолданайық!

40. Пiрiң көп болғанша,     Бiлiмiң көп болсын.

«Пірің» деп отырғаны қолдаушы, сүйеуші деген мағынаны білдіріп тұрса керек. Қалай ойлайсыз, біліміңіз бар, бірақ қолдаушыңыз жоқ.

«Білімді адамның алдынан қайда барса да алтын тартылады» деп Сайф Сараи бабамыз бекер айтпаса керек.

Санжар Ғұлама. Сүйме мені
Жылан жұтқан күн
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу