Асылзат Арыстанбек. Сізге өлең жазбағалы көп болды

Oinet.kz 24-07-2020 748

Асылзат Арыстанбек: Бұдан өткен ауыр азап жоқ сірә... Alashainasy.kz

Сізге өлең жазбағалы көп болды,

Хат келмеді Сізден де.

Бəлкім, сезім жалт етті де жоқ болды,

Əддіміз жоқ іздеуге.

Қайырлы таң тілемедім біраздан,

Қайырлы түн! -демедіңіз Сіз дағы.

Сіздің жақтан ескен сырбаз салқындық,

Басып озды мына күздің ызғарын.

Сізге өлең арнамайын деп едім,

Өлең дағы көнбейді екен ырқыма.

Баяғыдай Сізді жақсы көремін,

Жүрегіңіздің қарамастан құлпына.

Асылзат Арыстанбек. Ертегіге бергісіз еліміз бар
Ханс Кристиан Андерсен. Түйме қыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу