Естай Беркімбайұлы. Алгак

Oinet.kz 24-07-2020 853

Қарақат көзді, сүмбіл шаш,

Пісте мұрын, түйме бас.

Алыстан аңсап келгенде,

Ләззәтпен, сәулем, аузыңды аш!

Қарақат көзді, сым саусақ,

Лебізің сенің бал қаймақ.

Жолыңа сенің сарп етпей,

Неге керек малды айдап.

Еркелейсің, жан сәулем,

Қысырдың қызыл тайындай.

Лебізің сусын қандырмақ,

Қытайдың қағаз шайындай!

Жұмекен Нәжімеденов: Көремісің, көз?
Естай Беркімбайұлы. Жай қоңыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу