Әсет Найманбаев. Мақпал /2-нұсқа/
Айттым сәлем Мақпалға шын зерек деп,
Өзгеден, топтан затың бөлек деп.
Көйлекті көк атылас серпе тастап,
Алдымнан Мақпал шықса: “Сіз керек,” – деп.
Мақпал-ау, Мақпал,
Мақпал-ау, Мақпал.
Үкілі қоңыр ала үйрек секілдім-ау,
Бір хабар алмаған соң өкіндім-ау!
Мақпалдан қайттым бір күн кербалақпен,
Асынып садағымды қорамсақпен.
Көрсем де құралайды атқаным жоқ,
Ұқсаттым Мақпалжанға шын жүректен.