Қасым Аманжолов. Алатау
Алатау бұлт асырмай асқарынан,
Тұр қарап туған дала аспанынан.
Асылып Алатауға ай менен күн,
Жарқылдап шұғыла шашқан тастарынан.
Алға алып кең даласы - дастарханын,
Алатау - ашқандай той ақсақалым.
Жаңғыртып жер сарайын ән шырқаймыз,
Ту етіп туған халық жақсы атағын.
Құшақтап Қазақстан астанасын,
Алысқа, Алатауым, көз саласың.
Алатау - айдын дала қариясы
Көтерген төбесіне өз баласын.
1948.