Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Белгілі журналист, «Азаттық радиосы» халықаралық медиаресурсының тв-продюсері Қасым Аманжол Иманғали Тасмағамбетов туралы сөз қозғады. Бұл туралы ол "Қасқа жол" бағдарламасына берген сұхбаты барысында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz.
- Бір кезде мықты саясаткер болды. Мемлекет қайраткері болды. Қоғамда осы Назарбаев системасындағы үлкен функционерлердің бірі болды. Саясатта өзіндік ықпалы зор адам болды. Оған қоғамды түрлі ностальгиялар бар. Түсінем оны неліктен ондай ностальгиялар болатынын. Сондықтан, қазір оны шектеп отыр деп ойламаймын. Әрбір адамның өз таңдауы бар. Ол кісі денсаулығы жетіп тұрса, жігер, көңіл-күйі бар болса неге ол адамға саясатқа араласпасқа. Егер өзінің қалауы болса. Жалпы, тұлғалардың төңірегіндегі әңгіме үнемі жеңіліске құрылған әңгімелер. Біздің қазақ қоғамы белгілі бір тұлғалардың төңірегінде ғана топтаса алатындығын, жекелеген адамдардан, саясаткерлерден үміт күтетіндігінің көрінісі - дейді журналист.
Сондай-ақ, журналист Тасмағамбетовтың Шаңырақ, Бақай оқиғасы кезінде халықты "әлеуметтік аутсайдерлер" деп атағанын жеткізді.
- Ол оқиғаның алдын сәл зерттеп қарау керек. Жалпы сол кезде Алматы әкімі Тасмағамбетов осы Шаңырақ, Бақайдың тұрғындарын "әлеуметтік аутсайдерлер" деп атады. Жалпы аутсайдер деген сөзді спортта қолданып жүр. Бірақ, бір кезде бұл сөз Гитлердің аузынан шыққан сөз еді. Бұл әлеуметтік тұрғыда жеңілгендер. Әлеуметтік тұрғыда ешқандай үміті жоқтар. Алдын ала жеңілуі белгілі болған әлсіз қауым дегенді білдіреді. Бұл өте ауыр сөз. Мұндай сөзді қазақ қоғамында отырып Шаңырақ пен Бақайдың тұрғындарына қатысты сол шаһардың басшысы айтуға болмайтын сөз еді. Осындай сөз ол кісінің аузынан айтылды. Архивты ашып қарасаңыздар бәрін көресіздер. Шаңырақ пен Бақайдағы оқиға кезінде Тасмағамбетовте таңдау болды. Ашығын айтуға таңдау болды. Бірақ, ол күштік методты таңдағаны көз алдымызда. Оны тарих көрсетті. Сондықтан ол жерде тарихи жауапкершілік бар деп ойлаймын - деді Қасым Аманжол.