Исраил Сапарбай: Қазақ қызы

Oinet.kz 23-08-2020 933

Жалмауыз! Исраил Сапарбайдың желіде қызу талқыға түскен атышулы өлеңі кімге  арналған? - Караван - жаңалықтар, оқиға, Қазақстан және әлемдегі сараптама  | Караван

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары, жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.


Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,

Арулар аз болды ма атқа қонған.

Көңілде қалған сыз бар өткен күннен

Өмірде қалған із бар «Ақтабаннан»


Жасырмай айтар болсам жан сырымды,

Тағдырым қарауылға қанша ілінді.

Ерліктің қос қанаты деп білемін,

Аяулы Әлиям мен Мәншүгімді.


Пір тұтқан адамдықты, адалдықты,

Көркімен таң қалдырған тәмам жұртты.

Қыздардың қылығымен өмір қызық,

Қыздардың ғұмырымен арман құтты.


Сүймеген сені азамат – азамат па,

Көңілің тәрізді аппақ таза мақта.

Бәрін айт, бірін айт та – (ы)лайықсың,

Қазақтың қызы деген ғажап атқа.

Оралхан Бөкей. Қасқыр ұлыған түнде
Исраил Сапарбай: Ғашық болу...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу