Қалқаман Сарин: ​Ақ жауын

Oinet.kz 21-08-2020 919

Қалқаман Сарин: Ақынның 5 үздік өлеңі - Қазақстан жаңалықтары | STAN.KZ

Боздасын, бәрі боздасын,

Малмандай басып су – қайғы.

Аспанның көріп көз жасын,

Қара жер қайтып құрғайды?!.


Жауын боп көктен мұң ақсын,

Жатпайды жуас жер сілкіп.

Жылағандарды жұбатсын,

Жанарларын жел сүртіп.


Жылмаңдап ақпа жылғамен,

Сұрауың бар ғой, су – тірлік.

Тазарсын мынау күллі әлем,

Күйбең де күйбең қу тірлік!


Сар далам өзі-ақ сабырлы,

Сабалап оны не керек?

Сыздатпай менің жанымды,

Себелеп жаушы, себелеп...

Ей, жауын!

Мағжан Жұмабаев. Жер жүзіне
Қалқаман Сарин: Жылы жаңбыр құйып тұр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу