Мирас Асан. Махаббат

Oinet.kz 15-08-2020 1037

***

Махаббат – өзің ғана білер шындық,

Шыңырау жүрек зындан жіберсе үңгіп...

Тағдырым көзсіз жылап, сөзсіз сүйген,

Әйтпесе мен тұтқында жігер сұмдық.

image.png

Айтылмас сезімдердің зынданы мен,

Ондағы тұтқын да өзім – мұңға кілең!..

Ойлаппын бұл дүниеде жоқ деп сені,

Күллі әлем өзің болып тұрғанымен...

Анық даңқ мұнараның тұғырында,

Көп жұрттың күмбезде атақ ұғымында...

Шын сезім жүректердің түкпірінде,

Айтылмай кету керек ғұмырымда...

Махаббат тек қиялда сүреді өмір,

Қалады бірте-бірте біле көңіл...

Шашқандай қыз бақбақты бақыт санап,

Басқандай күз қыратты сіре қоңыр...

Махаббат бүтінде емес, сірә кемде,

Төзімнің ең қиыны мына менде...

Айта алмай бір әлемді ішімдегі,

Айта алмай өтіп барам бір әлемде...

Мирас, 2018

Астана

Мирас Асан. Қолына қалам алды тағдыр-ұлық
Мирас Асан. Не ұтты тағдыр сені, мені жығып?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу